Алматыда атышулы «Ақкент» тұрғын үй кешеніне қатысты аппеляциялық сот отырысы басталды — Қазақстан жаңалықтары
Алматыда«Ақкент» тұрғын үй кешеніне қатысты аппеляциялық сот отырысы басталды. Әнші әрі компазитор Гауһар Әлімбекова да дәл осы кешеннен баспана алам деп басы дауға қалған еді. Бір топ тұрғын өз пәтерлерін өз аттарына өткізе алмай, құрылыс компаниясын сотқа берген.
Осыдан тура екі ай бұрын арнамызға шағымдандан жұртқа компания өкілдері наурызда құжаттарын қолдарына ұстатамыз деп уәде еткен еді. Алайда баяғы жартас сол жартас. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
«Қазіргі таңда бұл тұрғындардың құжаттары рәсімделіп жатыр. Кепілдіктен шығару үшін тағы кішкене уақыт керек. Олар өз баспаналарында тұрады. Тек үй өз аттарында емес. Біз оның бәрін ретке келтіреміз», -дейді құрылыс компаниясының заңгері Ләйлә Махат.
Бұл — аты дардай «Ақкент» тұрғын үй кешенін тұрғызған компания өкілінің тура екі ай бұрынғы уәдесі. Көпшілік сол кезде-ақ заңгердің мәлімдесіне сенімсіздікпен қарап, сотқа арыз жазған еді. Өйткені, кешеннен тоғыз жыл бұрын алғашқы жарнасын беріп, қалғанын бөліп төлеуге келісіп пәтер алған. 20 миллион теңгеден артық тұратын баспаналарының қарызын ішпей-жемей аяқтаған да. Тек құрылыс фирмасы өз аттарына өткізіп бермей сандалтып жүр.
«Біз негізі келісім-шартқа қол қойған кезде, біздің үйіміз «Самұрықта» залогта тұр деп көрсетілген. Бірақ, толық төлемді аяқтасақ, залогтан шешіледі деген. Бірақ, күтіп жатқанымызға үш жыл болды», — дейді тұрғын Аяна Тастанова.
Сөйтсе, түрік компаниясы тұрғындардың алғашқы екі жылдық төлеген қаржысын Ұлттық қорға түсірмеген. Жұрт бар қаржыны фирма қалтасына басты деген сенімде. Айта кету керек, құрбысының 40 мың доллар қаржысын алып, алаяқ деп айыпталып жатқан әнші ГауҺар Әлімбекова да дәл осы түрік компаниясына алданғанын айтқан еді. Оларда құжат рәсімделмек түгілі 120 отбасы үйсіз далада қалған. Көпшіліктің де қорқатыны сол. Өйткені, әр процесс кейінге шегеріліп, компанияға тағылған айыптар ақталудың алдында дейді.
«Аут Хоузинг» жауапшысы борышкер болып отыр. Ол келісім бойынша міндетін атқарған жоқ. Біздің тарап олардың сатқанын талап етіп отыр. Ақшаны алғанымен, затын берген жоқ. Сот үкімін күшінде қалдыруды сұраймыз», — дейді тұрғындардың адвокаты Фарида Исмаилова.
Соттан сотқа сабылған тұрғындар адвокаттарға да талай қаржымыз кетті дейді. Сөйтіп құжатпен қоса заңгерлердің қызметіне төлеген ақшаларын да фирмадан талап етіп отыр. Судья бәрін қанағаттандырғанымен, яғни бұл жолы да жұрт жеңіп шыққанымен, түрік компаниясы соттың да шешімінен қорықпай, әлі үйлерін өз аттарына өткізбеді деп күйінеді. Ал, қарсы тараптың өкілінің сот залында берген тағы уәдесі мынау.
«Бәрі шешіліп қойған. Енді құжаттарды тапсырып, кепілдіктен алмақыз», — деді компани заңгері Ләйлә Махат.
Құжаттарын алды жеті жыл, соңы екі жылдан бері сабыла күткен тұрғындар сол Гауһар Әлімбекова немесе әнші үстінен арыз жазған құрбысы Бақыт Назарова секілді баспанасыз қаламыз деп қорқады.
Себебі олардың да үйлі болдық деп тақияларын аспанға атқан қуаныштары тек үш-ақ жылға созылған еді. Қазір айыпталушы Әлімбекованың да аппеляциялық соты өтуде. Тек онда бұл түрік компаниясының бір жерде аты аталмаған. Бар кінәні өз мойнына алған фирманың реалторы Фируза Ордабаева алты жылға сотталып кетті.
stan.kz