Алматыда атыс болып, екі адам ұсталды

0

Ер адам көлік жанында тұрған бір топ адамға қарата оқ атқан.

7 наурыз күні Алматыда қонақ үй маңында атыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео кадрлары Ғаламторда пайды болды.

— Желіде Рахат Палас қонақ үйінің алдында болған атыстың видеосы пайды болды. Кадрлардан ер адамның көлік жанында тұрған бір топ адамға қарата оқ атқаны көрініп тұр. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 7 наурыз күні күндіз болған. Оқиға орнына барлық арнайы қызметтер келді, оның ішінде бірнеше жедел жәрдем жасағы да бар, — делінген kris_p_almaty паблигінде жарияланған видоеда.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктілердің барылығы ұсталған.

— Алматы қалалық Полиция департаменті 7 наурыз күні Алматы қаласының Бостандық ауданында орын алған қылмыстың ашылғанын хабарлайды. Екі күдікті ұсталды. Олар ПД уақытша ұстау изоляторна қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр, — деп хабарлап отыр ведомство өкілдері.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz