Алматыда ата-аналардан оқушыларды мектепке жібермеу сұралды

0
321
Сурет: sasint

Алматыда мектеп оқушыларының ата-аналарына мүмкіндігінше балаларын үйде қалдыру сұралды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

– Құрметті ата-аналар! Алматы қаласының «қызыл» аймаққа өтуіне байланысты және соңғы үш күнде тіркелген коронавирустық инфекциялар санының көбеюіне байланысты, Алматы қаласының әкімдігі балаларды мүмкіндігінше үйде қалдыруды сұрайды.

Сонымен қатар, мұндай мүмкіндігі жоқ ата-аналар үшін мектепте жоғары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес аралас оқыту жалғасатындығы туралы хабарлаймыз.

Барлық мектептер дезинфекциялық құралдармен 100% қамтамасыз етілген, деп хабарлады әкімдіктегілер.