Алматыда Асқар Сүлейменовті алу кеші өтті
Астана, BAQ.KZ. Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасында жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына орай «Парасат Падишасы» атты еске алу кеші өтті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Бақытжамал Оспанова ашты.
Кеш аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан Асқар Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығынан «Парасат Падишасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараны жазушы, публицист, ғалым — Бейбіт Қойшыбаев жүргізді.
Іс-шараға Мұрат Әуезов, Өмірзақ Айтбаев, Смағұл Елубай, Темірхан Тебегенов, Нүкетай Мышбаева, Қанат Төребай, Мәмбет Қойгелді, Әлия Бөпежанова, Досхан Жолжақсынов, Қаракөз Сүлейменова, Сатыбалды Нарымбетов және т.б. ақын-жазушылар, қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысып, сөз сөйледі.
Асқар Сүлейменов 1938 жылы 29 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының, Шорнақ елді мекенінде дүниеге келген. 1959 жылы ҚазПИ-дің әдебиет-тарих факультетін (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) бітірген. 1961 жылы «Жол басы» алғашқы сын мақаласы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде жарияланған. Ол «Бесін» (1970), «Адасқақ» (1988), «Бесатар» (1996), «Кек» (2001), «Болмыспен бетпе-бет” (2001), шығармаларының авторы және «Арғымақтар мен адамдар» деректі фильмінің (1977), «Ас» («Құлагер») көркем фильмінің (1976), «Баянел» («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») фильмінің сценарийін жазған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ