Алматыда әскери бөлім 5 ай бойы комада жатқан сарбаздың отбасын пәтерінен шығарып жіберген

0

Алматыда әскери бөлім бес ай бойы комада жатқан сарбаздың отбасына берілген пәтерден шығарып жіберген. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматылық әскери бөлімі бес айдан бері ес-түссіз жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың отбасына ұлдарына қамқорлық жасау үшін пәтер берген. Алайда, сарбаздың анасы Гүлсім Қамиева баспасөзге мәлімдеме жасаған соң, әскери бөлім оларға Алматыда енді баспана бере алмайтындарын мәлімдеген.

Ербаянның ағасы Наурызбай Мұхтардың айтуынша, оларды ешқандай ескертусіз, күтпеген жерден пәтерден шығарып жіберген.

«Бригаданың саяси қызметкері Айтжан Мұхамедияр бізді пәтерден шығаратынын айтты. Көшеде қалдық, қайда барарымызды білмейміз. Олар бізді Ербаян ауруханадан шыққанша баспанамен қамтамасыз етулері керек еді. Бірақ қазір бас тартып отыр», – дейді Ербаянның ағасы.

Зардап шеккен отбасының мүддесін қорғаушы адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, әскерилер Ербаянның туыстары тергеуді талап етпейді деп ойлаған.

«Олар Ербаянның туыстары қылмыстық істің тоқтатылуымен келісіп, тергеуді талап етпестен тыныш жүре береді деп үміттенген. Сондықтан, әскери бөлім сарбаздың туыстарына Алматыда (отбасы Астанада тұрады) жүргенде тұратын пәтер берген. Бірақ Ербаянның туыстары әділеттілік талап ете бастаған соң, оларды шығарып жіберді”, — деді Инга Иманбай.

Айта кетейік, ұзақ уақыт комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтарды Алматыдағы емханадан Астанаға ауыстыру туралы шешім қабылданған. Бұл туралы ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мәлімдеді.

«Орталық қалалық клиникалық аурухананың ұзақ мерзімді бейтарап жағдайына байланысты дәрігерлер кеңесі қатардағы Мұхтарды одан әрі оңалту үшін Астана қаласының бас әскери клиникалық госпиталіне ауыстыруды ұсынды», – делінген хабарламада.

Адвокат Инга Иманбайдың айтуынша, Ербаянның анасы баласының ауыр жағдайына алаңдап, оны тасымалдаудан бас тартқан.

«Қазір әскерилер мен дәрігерлер бірінен соң бірі Ербаянның анасымен хабарласып, ауыр халде комада жатқан баласын санитарлық авиацияға келіспесе, ауруханадан шығарып тастаймыз деп қорқытуда», – деді адвокат.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында әскери бөлімде жарақат алып, алты ай бойы комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың анасы ұлының еденге тайып құлап, жарақат алғанына сенбейтінін айтып, тергеу жүргізуді талап еткен еді.