Алматыда аса қажет болмаса жүруге және қыдыруға болмайды — ПД басшысы — Қазақстан жаңалықтары
Алматының ПД басшысы Қанат Таймерденов тұрғындардың қалада жүру ержелерін айттты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бұл карантин режимі бітті деген сөз емес. ТЖ шарттары өзгертілген жоқ: азаматтарға жайдан-жай көшеде қыдыруға немесе жүруге болмайды. Қалада жүруге мемлекеттік шұғыл штабтың арнайы базасына енгізілгендер, атап айтсақ, бүгінгі күні жұмысын қайта басқаға мекемелердің қызметкеріне рұқсат. Қазіргі таңда полицияның негізгі күші адамдар көп жиналатын орындарға жұмылдырылды. Егер ереже бұзушылық анықталса, тиісті жаза қарастырылған. Біз қала тұрғындарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға шақырамыз. Бұл ережелер сіздердің денсаулықтарыңыз бен өмірлеріңіз үшін аса маңызды», — дейді Алматы қалалық ПД басшысы Қанат Таймерденов.
Сондай-ақ ол қала сыртындағы 27 блок-бекет әлі алынбағандығын жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін алматылықтардың қалада жүруіне рұқсат етілгені жайлы айтылған болатын.
stan.kz