Алматыда арықтан табылған нәрестені құтқару сәтінің видеосы пайда болды

0
0

Алматылықтар анасы арықта тастап кеткен нәрестені құтқарған сәтті видеоға түсіріп алды. Олар орамал алып, қараңғыда сәбиді іздеуге кіріскен

Sputnik. Алматыда 25 тамыз күні қалада серуендеп жүрген тұрғындар сәбидің жылаған даусын естіген. Олар бірден көмекке асықты.

«Арық жақта нәрестенің жылағанын естідік. Орамал алып, қараңғыда іздеуге кірістік»,- деді видео бөліскен алматылық.

Алматының денсаулық сақтау басқармасы анасы арыққа тастап кеткен сәбидің жағдайы туралы айтқан болатын.

Сағат 00.38-де Райымбек даңғылында орналасқан Maxima сауда үйінің маңына жедел жәрдем қызметіне шақырту түсті. Дәрігерлер сәби салмағы 3 000 грамм, бойы 52 сантиметр ұл бала екенін айтып отыр. Жедел жәрдемді полиция шақырды.

Нәресте Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Ауруханаға түскен кезде оның жағдайы гипотермияға байланысты (дене қызуы 34,5 градус) ауыр болған.

Қазір баланың жағдайы орташа, дене температурасы қалпына келді. Өзі еме алады.

Нәресте екінші балалар ауруханасына ауыстырылады. Ол жерде толық тексерілгеннен кейін сәбилер үйіне жіберіледі.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз