Алматыда ақша бопсалағандарды ұстауға барған полицейлер жараланды – Қазақстан жаңалықтары

0
84

Алматыда ақша бопсалағандарды ұстауға барған полицейлер жараланды. Жедел алдын алу шаралары барысында күдіктілердің екеуі қолға түсті. Тағы екі сезіктіге іздеу жарияланды. Енді полицияны өлтіруге оқталғандар жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Алматыда ақша бопсалағандарды ұстауға барған полицейлер жараландыБұл туралы «Еуразия» бірінші арнасы хабарлайды.

Оқиға Наурызбай ауданында болған. Daewoo Nexia автокөлігін жалға алған азаматты төлейтін ақшасын екі күнге кешіктіргені үшін көлік иесі соққыға жыққан. Бірнеше адаммен келіп екі ұялы телефонын тартып алып, 14 мыңның орнына 40 мың теңге талап еткен. Күдіктілер ақшаны алуға келгенде өздерін ұстамақ болған полицейлерді пышақтап тастаған.

«Бірінші науқасқа алғашқы көмек көрсетіліп, үйіне амбулаторлық емге жіберілді. Екінші науқасқа ота жасалып, қазіргі жағдайда жағдайы ауыр, бірқалыпты. Жансауқтау бөлімінде ем қабылдап жатыр», – дейді №7 қалалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Қамбар Байжігітов.

Күдіктілерге іздеу жарияланып, бірнеше сағаттың ішінде екеуі қолға түсті. Олардың үстінен «ақша бопсалау», «адам тонау», «құқық қорғау қызметкерінің өміріне қауіп төндіру» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынған. Ал полицейлер өзге адамдарға қауіп төндірмеу үшін қаруларын қолданбапты.

«Бес сағаттың ішінде 4 күдіктінің екеуін қолға түсірдік. Екеуі де Алматы облысынан келген азаматтар екен. Тұрақты жұмыстары жоқ. Тағы екі азаматтың аты-жөні белгілі. Оларға іздеу жарияланды. Олардың әрекеттері қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сараланды», – дейді қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Қолға түскен 2 күдікті қамауға алынды. Олар пышақтауға алдын ала дайындалып келгендерін бірден мойындаған.

Егер күдіктілердің кінәлары дәлелденетін болса, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

stan.kz