Алматыда алғаш рет COVID-19 жұқтырған науқасқа күрделі ота жасады — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада  коронавирус инфекциясы бар науқасқа алғашқы операцияны сәтті өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ота

Бірінші отаны «кіші вертелдің жылжуы мен үзілуі бар сол сан сүйегінің жабық сырғымалы тесік сынығы» деген диагноз қойылған1939 жылы туған науқасқа жасады.

«Пациент №7 қалалық клиникалық ауруханадан ОҚКА-ға жеткізілді. Онда тексеру кезінде пациенттің коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Емделушінің ми қан айналымы жіті бұзылған және гемипарезі бар болуымен жағдайы асқынған. Сол аяғы тірек болғандықтан пациентке өмірлік көрсеткіштері бойынша ота жасау қажет болды», — делінген ОҚКА хабарламасында.

Бұдан басқа, пациентте ЖИА, артериялық гипертензия сияқты ілеспе аурулар болды.

Науқасты бір апта операцияға дайындаған. 26 мамыр күні коронавирус жұқтыру қаупімен байланысты эпидемиологиялық шектеулер жағдайында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, медицина қызметкерлері операция жасады.  Отаның ұзақтығы 1 сағат 15 минутқа созылды.

«Әрбір операция, тіпті қарапайым жағдайда — бұл кәсіпқой команданың үйлесімді жұмысы. Біздің алғашқы ота ортопедия бөлімінің меңгерушісі Тәуекелов Қанат Тангирбергенұлының басшылығымен өткізілді. Коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастарға мұндай оталар Алматы қаласы бойынша тек біздің клиникамыздың базасында өткізілетінін атап өту қажет», —  деді бас дәрігердің міндетін атқарушы Гүлнар Құлқаева.

 

stan.kz