Алматыда әкімдік күзетшісі журналисті көтерген күйі далаға лақтырып жіберді (видео)
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің күзетшілері Хабар 24 арнасының журналисті Ақбөпе Тәңірбергенді көтерген күйі далаға лақтырып жіберді.
Журналистің видеосы әлеуметтік желіге тарап кетті.
«Сен — Әкімдік пен Халық арасындағы көпірсің»,-дедіңіздер. Мен желпілдеп жетіп бардым. Әкімдік болса сіздердің көпірлеріңізді далаға лақтырып жіберді. Бітті. Алматы қаласы Алатау ауданындағы әкімдіктен мәңгі естелік. РS: Мама менде бәрі жақсы. Уайымдамаңыз» деп жазды журналист.