Алматыда әйелді темір сойылмен ұрған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

0

Бірақ, полицияны оны әлі ұстаған жоқ

Түрксіб аудандық полиция басқармасы адамның денсаулығына қасақана орташа ауыр зиян тигізген адамға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Күдіктіні ұстап, жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел шаралар кешені жүріп жатыр. Сонымен қатар, оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу басталды», — деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда тұратын 24 жастағы Анастасия Борисова 5 сәуір күні жұмыстан келе жатқан анасын ер адам темір сойылмен ұрып, соққыға жыққанын айтқан болатын.