Алматыда әйел баласын өлтіріп, мәйітін мұздатқышта сақтаған
Алматы облысында екі жастағы бүлдіршіннің өлімі ашылды. Оқиға туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.
2020 жылдың 5 қазанында сағат 16:00 шамасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жастағы баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Полицияға әйелдің туған әпкесі хабарласқан.
Оның айтуынша, ол шілде айынан бастап жиенін көрмеген. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген.
Алайда, іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан. Полицейлер дереу күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған.
Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
egemen.kz