Алматыда ағаш түбінен табылған баланың ісі: Айыпталушы мәлімдеме жасады – Қазақстан жаңалықтары

0
50

Алматы қаласының қылмыстық іс жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 5 жасар баланы ұрып-соққан Мұрат Асқароғлының соты басталды, деп жазады Қазақпарат.

Алматыда ағаш түбінен табылған баланың ісі: Айыпталушы мәлімдеме жасады

Мұрат Асқароғлы 5 жастағы ұлын өлтірмек болды деп айыпталып жатыр. Сотта айыпталушының адвокаты болған жоқ. Судья айыпталушыға сот ісін мемлекеттік қорғаушымен жалғастыруды ұсынды. Айыпталушы өзінің кінәсіздігін айтты.

«Мен 9 ай қамалып отырмын. Қанша күтуге болады? Егер кінәм дәлелденсе, баяғыда сотталатын едім. Егер менің сөзімнен күмәнданса, баламның өзінен сұрасын. Психологтар жұмыс істесін. Баламен сөйлесіп-ақ білуге болады. Мен бұл жерде заңсыз отырмын. Мен өз баламды қалай ұруым мүмкін?», – деді айыпталушы Асқароғлы.

Мұрат Асқароғлы қорғансыз күйдегі баланы өлтіруге оқталды деп айыпталып отыр.

Айта кетейік, 16 шілде күні Алматыда Шығыс айналма жолы аймағында 4 жасар бала тал түбінен табылды. Бастапқыда оны көлік қақты деген болжам шықты. Кейін әкесі ұлын өзі ұрғанын мойындаған еді. Баланың денсаулығы оңалып ауруханадан шығарылды.

stan.kz