Алматыда 7 жастағы өгей қызын өлтірген күдікті белгілі қоғам қайраткері болып шықты

0

Алматыда өгей қызын сабап өлтірді деп күдікке ілінген 47 жастағы белгілі қоғам қайраткері Балжан Тұрлыбек болып шықты. Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі хабарлады. 

Қыздың өгей шешесі ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында жатыр. Аталмыш жағдайға қатысты «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салайық, Алматыда 7 жасар қыз өгей анасының қатты соққысынан қайтыс болды. Қыз бала күн сайын зорлық-зомбылық көріп жүрген, бірақ соңғы соққыдан миына қан кеткен.

Соңғы рет оны өгей шешесі дәретханаға жете алмай, ваннаны ластағаны үшін аяусыз соққыға жыққаны хабарланды.

ақпарат: Nege.kz сайтынае алынды

фото: әлеуметтік желілерден