Алматыда 7 жасар қыз ерекше қатігездікпен өлтірілді
10 шілдеде Алматыда ерекше қатыгездікпен 7 жасар қыз өлтірілді. Бұл істі тоқтатпау үшін Алматыда адвокаттың көмегі қажет, деп жазды «НеМолчи.кз» қорының басшысы Дина Таңсәрі.
Ол қызды өгей шешесі өлтіргенін айтты. Қыз дәретханаға үлгермей, жуынатын бөлмені ластағаны үшін осындай қатігездік көрсеткен.
«Жуынатын бөлмеде ұрып-соғып, балаға өмір сүруге мүмкіндік бермеді. Қыздың аяғы мен қолының сүйектері сынған, басы тесілген, денесінде қорқынышты жарақаттар бар. Ол өте ауыр азапты бастан өткеріп қайтыс болды», — деп жазды қор басшысы.
«Бүгін қызды жерледі. Ал өгей шешесі есі дұрыс еместігін көрсететін анықтама алуға тырысып жатыр. Қыздың туыстарының айтуынша, өгей шешесінің ағасы Астанадан келген полицияның жоғары лауазымды қызметкер. Алматыда адвокат шұғыл қажет», — деді қоғам қайраткері қазақстандықтарға өтінішпен.
фото: Kazlenta.kz