Алматыда «7-20-25» аясында 900 жуық пәтер несиесі мақұлданды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қласының әкімі Бауыржан Байбек мәлімдеді.
«Алматы қаласы аса ірі қаржы-экономикалық, іскерлік, сонымен қатар, мәдениет пен өнердің, спорт пен руханияттың орталығы ретінде үнемі Елбасы назарында. Биылғы жылы Мемлекет басшысы Алматыға арнайы ат басын бүрып, шаһарымыздағы жаңа кәсіпорындармен, жүйелі түрде қайта жаңғыртылып жатқан қала орталығымен, Алматы бас жоспар институтының жұмысымен танысып, оң бағасын берді. Елбасының ұдайы қолдауы арқасында Алматыда тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсм қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың 9 айында экономикалық өсу 3,5% артты. Өнеркәсіптік өнім көлемі 3,8%, құрылыс 5,8%, тұрғын үйді пайдалануға беру 15,5%, инвестициялар 18,5%, оның ішінде шетелдік инвестиция 21,6% артты», — деді Байбек.
Ол қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесі 40% дейін өсті. Өткен жылмен салыстырғанда бюджетке 17,7% артық салық түскен.
Қала басшысы атап өткендей, Елбасының «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Бес әлеуметтік бастама» мемлекеттік бағдарламалары аясында тұрғын үй құрылысы жұмыстары оңтүстік астанада үлкен қарқынмен жүргізіліп жатыр.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биылғы жылы 4800 отбасы жаңа пәтер алады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20% арты. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4200 жұмыс орны құрылып, 28 әлеуметтік тұрғын үй және 2 мектепке қосалқы ғимарат салынды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша республика көлемінде келіп түскен өтініштердің 30% астамы Алматы қаласына тиесілі. Соның жартысы, яғни жалпы сомасы 10,9 млрд теңге болатын 843 пәтер несиесі мақұлданды. Бұдан басқа, ағымдағы жылдың соңына дейін бағдарлама талаптарына сәйкес келетін 600 астам пәтер пайдалануға берілмек», — деді Бауыржан Байбек.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ