Алматыда 649,8 мың ш.м тұрғын үй берілді

0
22 Қараша 2018, 12:40 169 0

Астана, BAQ.KZ. Алматы облысында 2018 жылы 706 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланса, өткен он ай ішінде соның 649,8 мың шаршы метрі пайдалануға беріліп үлгерген. Биылғы жылдың жоспары 2017 жылмен салыстырғанда 109 %-ті көрсетіп отыр. Ал облыс орталығы Талдықорған қаласында салынатын тұрғын үйді биылғы жылы 91 мың шаршы метрге жеткізу көзделген. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, әлеуметтік әлжуаз топтар санатындағы тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында Талдықорған қаласында жалға берілетін және коммуналдық үйлерден 124 пәтер бөлу жоспарланса, соның 60 пәтеріне тұрғындар қоныстанып отыр.

Ал 2019 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 763,1 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызу жоспарлануда. Бұл ретте Талдықорған қаласына соның 120 мың шаршы метрі тиесілі болмақ. Облыс орталығы тұрғындарының баспанаға деген қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы кезекте тұрғандар үшін 570 пәтер берілетін болады.

Сонымен қатар Президенттің «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша коммерциялық тұрғын үйлерден 300 пәтер пайдалануға беріледі. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын жүзеге асырудағы игі қадамдар Алматы облысының халқын қолжетімді баспанамен қамтуға үлкен ықпалын тигізетін болады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ