Алматыда 5 жүкті әйел коронавирустан қайтыс болды

0

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров шаһарда 5 жүкті әйел коронавирустан қайтыс болғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Экстрагенитальды патологиямен қатар, өкпенің жалпы зақымдануы байқалды. Әрине, мұның бәрі жүктіліктің болжамы мен нәтижесі сәтсіз болып, адам өлімімен аяқталды. Осы жағдайдың әрқайсысына комиссия тексеріс жүргізіп жатыр. Медициналық қызметтердің сапасын бақылау департаментінің қызметкерлері қатысады», — деді Камалжан Надыров брифингте.