Алматыда 44 бала карантиннен шығарылды

0
57

Бүгінге дейін Алматы қаласында 119 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталса, 21 адам жазылып шықты

АЛМАТЫ, 7 сәуір – Sputnik. Алматыда он төрт күндік карантиннен 44 бала шығарылды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев хабарлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Провизорлық орталықтарда 318 адам болса, оның 35-і бала. Кеше осындай орталықтардан 203 адам шығарылды, оның ішінде 44 бала бар. Барлығы да 14 күн карантинде болды. Талдау теріс нәтиже көрсетіп, олар ауруханадан шығарылды», – деді Әбілдаев.

Қазір Алматыдағы жұқпалы аурулар стационарларында Covid-19-дан 99 науқас емделіп жатыр, ішінде төрт бала бар.

Осы уақытқа дейін коронавирус инфекциясын жұқтырудың үш жаңа дерегі анықталды. 1975 жылы туған ер адамның жағдайы орташа деп бағаланып отыр. Тексеру кезінде пневмония анықталған. Ал 1962 және 1964 жылы туған екі әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, аурудың жеңіл түрі. Олармен байланыста болған барлық адам карантинге орналастырылды.

Оқи отырыңыз: Психолог карантин кезінде төрт қабырғаға қамалып отырғандарға кеңес берді

Қаладағы 80 науқастың жай-күйі қанағаттанарлық. Сонымен қатар 2 ересек адамның жағдайы – өте ауыр, 4 науқас – ауыр және 13 ересек адамның хәлі – орташа ауыр жағдайда. Оның ішінде Алматы облысының бір тұрғыны бар.

Карантинде 385 азамат бар болса, оның 39-ы бала, ал үй карантинінде 5 144 адам жатыр.

Айта кетейік, бүгінге дейін қалада 119 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 21 адам жазылып шықты.



sputniknews.kz