Алматыда 363 медицина қызметкерінен коронавирус табылды – Бекшин

0

Жандарбек Бекшин сондай-ақ инфекция жұқтырғандардың арасында 40 студент пен 15 оқушы бар екенін айтты

АЛМАТЫ, 22 сәуір – Sputnik. Алматыда коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігі – медицина қызметкерлері. Бұл жайында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

«Коронавирус жұқтырғандардың жасына келер болсақ, қалада 14 жасқа дейінгі 21 науқас тіркелген. 15-19 жас аралығында 43 адам, 20-29 жас аралығындағы 212 адам ауру жұқтырды. 30-39 жас аралығындағы науқастардың саны – 129, 40-49 жастағылар – 116, 50-59 жастағылар –115 адам. Сонымен қатар 60 жастан асқан 42 адамнан инфекция анықталды», — деді Бекшин.  

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырған вице-министрдің іссапармен қай өңірлерге барғаны айтылды 

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин Алматыда инфекция жұқтырғандардың ішінде 40 студент пен 15 оқушы бар екенін айтты.

«Науқастардың ішінде өзге елден елген 38 азамат, 67 ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі академиясының курсанты, екі авиация қызметкері, 40 зейнеткер мен 55 жұмыссыз азамат бар», — деп толықтырды Алматы қаласының бас санитар дәрігері.

Оның айтуынша, басым контингент – медицина қызметкерлері.

«Қазір қалада 383 медицина қызметкерінің инфекция жұқтырғаны анықталды, оның ішінде 263 адам – орталық қалалық клиникалық аурухананың қызметкері», — деп түйіндеді Бекшин. 



sputniknews.kz