Алматыда 3 жасар қызды ит талап өлтірді

0

Екі ротвейлер балаға тап берген.

Алматыда екі ит үш жасар қызды талап өлтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 104 бабы бойынша тергеу бастады.

– Үш жастағы қыз бала өз үйінің ауласында қайтыс болды. Қайғылы оқиға болған сәтте баланың әкесі үйде болған. Ротвейлер тұқымды екі үй итін арнайы қызметтер оқшаулады. Іс бойынша сараптамалар тағайындалды, мән-жайлар анықталуда, – деп хабарлады полиция.

Қайғылы оқиға 29 наурызда «Құрылысшы» ықшамауданындағы жекеменшік үйдің ауласында орын алды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

kaz.zakon.kz