Алматыда 27 ықшамауданның атауы өзгертілді — Ел жаңалықтары

Алматыда 27 ықшамауданның атауы өзгертілді. Бұйрық «Әділет» сайтында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ремизовка ықшамауданы енді Асқартау, Дубок ықшамауданы — Шабыт, Бутаковка — Мұзтау деп аталады. Дорожник ықшамауданы — Көкмайса, Трудовик — Томирис, Первомайский — Кемел, Заря Востока — Шапағат деп өзгертілді.
Сондай-ақ, Алғабас-1-6, Қарағайлы-2, Каменка-3, Дубок-2 ықшамаудандарының да атауы өзгерді. Бұл бастаманы қалалық мәслихат өкілдері көтерген еді.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz