Алматыда 25 мамырдан бастап ашылатын нысандарға қандай талап қойылды

0
57

Жұмыс берушілер бір ай ішінде қызметкерлердің 10%-ін тексеруден өткізуі қажет. Ал базарларда әр 30 метр сайын санитайзер қойылуы қажет. Әрбір сатушы қолғап және бетпердемен жұмыс істейді

АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Алматы қаласының бассанитар дәрігері Жандарбек Бекшин 25 мамырдан бастап ашылған нысандарға қандай талап қойылғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бекшиннің айтуынша, сауда үйлері мен халыққа қызмет көрсету орталығындағы қызметкерлердіңдене қызуы жұмысқа келген кезде өлшенетін болады. Сонымен қатар жұмыс берушілер қызметкерлерін коронавирус инфекциясына тексеруден өткізуі қажет.

«Әр нысанның есігінде бетпердесіз кіруге болмайтыны жазылған жарнама болуы тиіс. Үлкен нысандарда дезинфекциялау туннелін орналастыруды ұсындық. Сонымен қатар жұмыс берушілер бір ай ішінде қызметкерлердің 10%-ін ПТР тексеруден өткізуі қажет», – деді Бекшин.

Ал сауда үйлеріндегі дүкендерде сатып алушылар арасындағы арақашықтықты көрсететін таңбалар қойылуы тиіс.

«Жабық сауда орындарында, басқа да қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсету кезінде әлеуметтік арақашықтық таңбалары қойылуы керек. Сатып алушылардың арасында ең кемінде бір жарым-екі метр болуын талапетіп отырмыз», – деді Алматының бас санитар дәрігері.

Ал базарларда әр 30 метр сайын санитайзер қойылуы қажет. Әрбір сатушы қолғап пен маска тағып жұмыс істейді.

Сатып алушылар да базар ішіне міндетті түрде бетпердемен кіруі керек.

Ал қоғамдық тамақтану орындарындағы адам санына шектеу қойылмайды, тек әр үстелдетөрт адамнан артық бірге отыруға болмайды.

«Қоғамдық тамақтану орындарына бірнеше талап қойып жатырмыз. Бір үстелдің басында төрт адамнан артық отыруға болмайды. Бұл бір отбасының мүшесіне қатысты емес. Екіншіден, үстелдердің аралығы екі метр болуы керек. 20, 30, 50 адам деп шектемейміз, арақашық екі метр болса, ол жерге 50-60адам сыяды. Әрбір дәмхана, мейрамхана иесі нормалардың сақталуын қадағалауы қажет», – деді Бекшин



sputniknews.kz