Алматыда 23 жастағы үндістандық студенттің өліміне күдікті әйел ұсталды — новости Казахстана

0

Алматыда кісі қолынан қаза тапқан 23 жастағы үндістандық Кумар Хеманттың өліміне Түркістан облысының 31 жастағы азаматшасы күдікті деп танылды. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің 3-курс студентін қансырап жатқан күйінде жалдамалы пәтер иесі тауып алған деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Пәтерін бір күнге жалға берген Алматы тұрғыны дереу полиция мен жедел жәрдем шақырыпты.

Алайда Кумар Хемант ауруханаға жетпей, қайтыс болып кеткен.

Қазіргі мәліметтер бойынша, Үндістаннан келген студент университеттің ақылы бөлімінде оқығаны белгілі болды. Ол тек бірінші курста ғана жатақханаға тұруға өтініш білдіріп, екінші курстан бастап пәтерге шығыпты.

Үндістанның Бхаратпур қаласының тумасы Кумар Хемант Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің 3-курсында білім алып жүрген.

Шетел азаматының нашар үлгерімі үшін бір курсты екі жыл қатарынан оқығаны да анықталды.

Айта кетейік, оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері бейнебақылау камерасы арқылы күдікті келіншекті бір сағат көлемінде ұстаған.

Егер әйелдің қылмысы дәлелденсе, ол кемі жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар