Home Жаңалықтар Алматыда 23 жасар жігіт үш жасар баланы қағып өлтірді – Қазақстан жаңалықтары

Алматыда 23 жасар жігіт үш жасар баланы қағып өлтірді – Қазақстан жаңалықтары

0
52

Алматыда ауласында самокат айдап жүрген үш жасар бала көлік астына түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

дтп

Бүгін, 28 сәуірде, түстен кейін Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Орбита-3 шағынауданындағы үйлердің бірінің ауласында қайғылы оқиға болды.

«Subaru» көлігінің 23 жастағы жүргізушісі солға бұрылып, самокат мінген 2017 жылы туған баланы қағып кетті. Өкінішке орай, бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады полиция.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелген. Қылмыстық іс Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасымен өндіріске қабылданды.

stan.kz