Алматыда 202 адамға 1 миллион теңгеден беріледі

0

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

Қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы төлем 29 сәуір кешке дейін жасалатынын хабарлап отыр

АЛМАТЫ, 29 сәуір – Sputnik. Алматыда Ұлы Отан соғысының 202 қатысушысына 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Бұл жайында қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне бір рет берілетін төлем қарастырылып отыр. Қала әкімінің қолдауымен әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Ұлы Отан соғысының 202 қатысушысы мен мүгедектеріне 1 миллион теңге төленеді. Сонымен қатар шамамен 4 мың адамға 100 мың теңге және 14 мыңнан астам адамға 50 мың теңгеден беріледі», — деді Шимашева брифингте.

Қала бойынша бір реттік төлем 18 296 адамға беріледі, оған 1,3 миллиард теңге бөлінген.

Ұлы Отан соғысының қатысушысы және мүгедектері саналатын 202 адамға 1 миллион теңгеден беріледі. Ал  Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тең адамдарға 100 мың теңгеден төленеді. Алматыда бұл санатқа жататын 3 954 адам бар.

Сонымен қатар Ұлы Отан соғысында қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен әскери қызметкерлердің қайтадан тұрмыс тұрмаған әйелдеріне де 100 мың теңгеден беріледі. Қала бойынша мұндай төрт адам бар.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда соғыс ардагерлері 1 миллион теңгеден алады

Ауғанстандағы соғыс кезінде жарақаттану, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметкерлердің ата-анасы, жұбайына 100 мың теңгеден беріледі. Бұл санат бойынша Алматыда 32 адам төлем алады.

Ұлы Отан соғысы жылдары тылда жұмыс істеген адамдарға 50 мың теңгеден беріледі. Қала бойынша ондай 14 104 адам бар.

Рахат Шимашеваның айтуынша, төлем 29 сәуір кешке дейін жасалады.



sputniknews.kz