Алматыда 2019 жылдан бастап автобустар жол ережесін бұзғандарды түсіріп отырмақ — новости Казахстана
Creen bus және Алматыэлектротранс автобус компаниялары келесі жылдың басында 50 «Жолақ» кешенді құрылғысын орнатады, олар өзінің жолындағы жол ережесін бұзғандарды түсіріп отырады. Аталған құрылғы желтоқсаннан бастап пилоттық тәртіппен жұмыс істеп жатыр деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.
Қалада бұл құрылғының жұмыс бастағанына бір апта болды. Аталған жүйе орташа жылдамдықты түсіріп отырады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, бір күнде 6 бекеттің өзі 1200 жол ережесін бұзушыларды анықтай алады. Цифрмен қарастырсақ, бұл дегенің жобамен 8 миллион теңге айыппұл.
Инновацияның мақсаты – көлік апатының алдын-алу.
Жүйе тестілеуден толық өтпейінше қолданысқа енгізілмейді.
Аталған құрылғылар бастапқыда Шығыс айналма жолында, Әл-Фараби мен Достық көшелерінің қиылысында, Назарбаев пен Ремизовкада қолданылады.
Тәжірбиесі көп көлік жүргізушісінің айтуынша, бейнежазу құрылғыларының қолданысқа енуімен әл-Фараби бойында жылдамдықты асыратын жүргізушілер азайған.
6 жылдамдықты өлшеуіш құрылғысы – бұл бастамасы ғана. Жақында осындай құрылғылар бүкіл қалаға енгізіледі.
Сондай-ақ тесттік тәртіппен «Сергек» камерасының 35-і жұмыс істеуде. Олар жылдамдықты, бағдаршам қозғалысын және автобус жолағын түсіреді.
Қазіргі таңда оңтүстік астанамызда 100 бейнажазу құрылғылары жұмыс істейді. 2 жылдан соң олардың саны 250 болады.
Әкімшшіліктің түсіндіруі бойынша «Жолақ» мобильді жүйесі автобустың жүріп өткен жолын толықтай түсіреді. Егер, автобустың жолында дұрыс тұраққа қойылмаған көлік болса, оларды да түсіріп алып айыппұл жазатын болады.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған құрылғылар 2019 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс толық жұмыс істейтіндігін хабарлады. Жүйені енгізуге 100 миллион теңге бөлінген.
Қоғамдық транспорттарда борттық жүйелер орнатылады, серверлер автобус парктерінде тікелей өңдеу орталықтарына қосылып орналасқан.