Алматыда 2014-2015 жылдары ұрланған телефондар Астанадан табылды
Тәркіленген ұялы байланыс құралдары қылмыстық өндіріске тіркелді.
Астанада полиция қызметкерлері ұялы телефондар сату және жөндеу орындарында рейд жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2 және 3 наурыз күндері «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасының аясында бұрын қолданыста болған ұялы телефондар сатылатын орындары бар сауда үйлерінде рейд шаралары жүргізілді.
— Рейд барысында бұрын пайдаланылған смартфондар сатылатын 200-дей сауда нүктесі мен оларды жөндейтін 83 шеберхана тексерілді. Полиция қызметкерлері IMEI-кодтар арқылы есеп бойынша құжаттары жоқ 1 650 ұялы телефон (олардың көбісі Samsung және iPhone маркалы телефондар), 50 ноутбукті тексеріп, салыстырды. Қазіргі таңда ұрланғандар есебінде тұрған тоғыз мобильді телефон анықталып, тәркіленді, олардың екеуі 2014-2015 жылдары Алматыда қолды болған. Тәркіленген ұялы байланыс құралдары қылмыстық өндіріске тіркелді. Ал ұрланған телефондарды сатып алған адамдарға қажетті шаралар қолданылатын болады, — деп хабарлап отыр Астана қалалық ПД.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары қылмыстық жолмен келген заттарды алу немесе сату деректеріне қатысты профилактикалық және ескерту бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz