Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі болды

0

Алматыда 2-3 балл қуатымен жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті Жедел басқару орталығының мәліметіне сүйенсек, патрульдік жасақтар қалыптан тыс жайттарды байқап жатқан жоқ, жағдай тұрақты. Тұрғындардан «112», «101» нөмірлеріне хабарлама түспеген.

«Казселденқорғау» ММ ақпаратынша, гидротехникалық құрылыстарда ақау, жарық байқалмаған. Еске салайық, бүгін сағат 13.38-де Қазақстанның сейсмикалық станциялары Алматы қаласынан 565 км жерде Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісін тіркеді.

Жерасты дүмпуі Шымкент қаласында 2-3 балл қуатымен сезілді. Қырғызстанның КАБАР агенттігінің хабарлауынша, дәл осы уақытта, яғни сағат 13:38-де Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында 6 балл магнитудасымен жер сілкінді.