Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарына тағзым көрсетілді

0

Алматылықтар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандарын еске алып, оларға тағзым етті. «Тәуелсіздік таңы» монументіне мемлекет қайраткерлері, оның ішінде Алматы әкімі Бауыржан Байбек, желтоқсан оқиғасына қатысушылар және жастар ұйымдарының мүшелері гүл шоқтарын қойды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Гүл шоқтары қойылған соң жиналғандар бір минут үнсіздікпен қаза болғандарды еске түсірді.

гул

Айта кетерлігі, бұырндары Алматыда «Тәуелсіздік таңы» монументі алдына шағын алаң жасалған еді. Қала әкімі ескерткішке келіп, тағзым еткендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға жақсы жағдай жасауды тапсырған болатын. Егер бұрын көліктің қозғалыс бөлігі ескерткішке тиіп тұрса, енді барынша қолайлы және қауіпсіз шағын алаң пайда болды, кеспе тас төселіп, жарық көздері орнатылды, жасыл желек отырғызылды.

гүл

Кеше, Қазақстанның Тәуелсіздігіне 27 жыл толған күні қаладағы Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылған болатын.

тәуелсіздік

Қала басшылығы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, ардагерлер Кеңесі, саяси партиялар мен қоғамдық және жастар ұйымдары, қала тұрғындары әскери-үрлемелі оркестрдің музыкалық сүйемелдеуімен Республика алаңындағы тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды.

«Қамшы» сілтейді