Алматыда 18 жастағы сарбаздың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы өтті

0

Бүгін Алматыда мамырда қайтыс болған 18 жастағы сарбаз Досымжан Сәлімжанның ісіне қатысты алғашқы сот отырысы өтті, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Досымжан Сәлімжанның ісіне қатысты істі Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Нұркен Жексембиев қарады. Бұл іс бойынша лейтенант Шакиров Қылмыстық кодекстің  451-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталды. Сотталушыға бұлтартпау шарасы таңдалды.

Досымжан Сәлімжанның ісіне қатысты алғашқы сот отырысында куәгерлер сұралды.

Еске салайық, биыл мамырда Жетісу облысында 18 жастағы сарбаз Досымжан Сәлімжан қайтыс болған еді.

«Мінезі қатты, мықты жайдары бала, ақкөңіл еді. Әскерге былтыр 11 қазанда өз еркімен кеткен. Алғашқы кезеңдері бәрі жақсы болған, шағымы болмады. 2024 жылғы 3 мамырда таңертең анасына қоңырау шалып, «Мама, ауырып тұрмын, кеудем қысып тұр, қызу бар сияқты» деді. Анасы «Дәрігерге барып қарал» деді. Біраздан соң сержант қонырау шалып, «Баланыз аурып қалды, азқазаны ауырып тұрған сияқты, тамақ ішпегеннен шығар. Қазір дәрігер тексеріп жатыр» деді. Сәлден соң өзіміз қоңырау шалдық, «Апа, сіздің балаңызды Алматыдағы әскери госпитальға жедел алып бара жатыр» деді. Содан хабарсыз кетті», — деген еді сарбаздың анасы.