Алматыда 14 жастағы қызды бірнеше ер адам зорлады

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik.  Алматыда бірнеше ер адам 14 жастағы қызды зорлап, қоқыстың маңына тастап кетті. Бұл туралы #НеМолчиKZ қозғалысының Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

Оқиға 23 тамыз күні болған. Сағат 16:00-де анасына қыздың сыныптастары хабарласқан. Олар қызының мас күйінде қоқыстың маңында жатқанын айтыпты. Анасы бірден жолға шыққан.

Сағат 19:00-де #НеМолчиKZ сенім телефонына қыздың анасы хабарласыпты. Ол белгісіз біреулердің 14 жастағы қызын зорлағанын айтқан. Қыз Алматы қаласындағы балалар ауруханасына жеткізілген. Бірақ түсініксіз жағдай осыдан кейін басталды. Анасы оқиға орнына жеткенше қызды бірнеше (2-5) ер адам жұрттың көзінше көлікке салып, алып кеткен.

Осы кезде куәгерлер бірден полицияға хабарласқан. Екі сағаттан кейін қыз қаланың басқа ауданындағы қоқыстың маңынан табылды. Қыз ес-түссіз жатқан. Жедел жәрдем келген кезде өзіне белгісіз біреулердің еріксіз ішімдік ішкізіп, қорлағанын айтыпты.

Тағы оқыңыз: «Қызды 14 ер адам зорлады»: адвокат Тоқаевқа Сарыағаштағы сұмдықты айтты

Полиция оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.

Мұғалімдері қыздың сабағы мен тәртібі жақсы екенін айтқан. Қыздың анасы қатерлі ісікке шалдыққан. Қоғамдық қорда ерікті болып жұмыс істейді. 



sputniknews.kz