Алматыда 13-14 наурызда қоғамдық көліктер жұмысын уақытша тоқтатады
Алматы әкімдігі алдағы демалыс күндері мегаполистегі қоғамдық көліктер жұмысқа шықпайтынын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Қала билігі өз шешімін қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауымен түсіндіреді.
Коронавирус инфекциясының одан әрі таралуын болдырмау үшін алдағы демалыста, яғни 2021 жылдың 13 және 14 наурызында қоғамдық көліктер, оның ішінде метроның жұмысы да тоқтатылады. Олар өз жұмысын дүйсенбі, 15 наурызда сағат 06: 00-де жоспарлы режимде ары қарай жалғастырады, — деді әкімдіктегілер.