Алматыда 12 жастағы қыздан коронавирус анықталды – Қазақстан жаңалықтары

0
27

Алматыға шетелден келген қызға коронавирус диагнозы қойылды, – деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Алматыда тағы бір адамнан коронавирус анықталды. Бұл 2008 жылы туылған қыз, елге Германиядан ұшып келген.

Қазіргі уақытта Алматыда 7 вирус жұқтырған адам анықталып отыр, оның екеуі Нұр-Сұлтанда», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшарип.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны сегіз адамға дейін өскенін айтқан.

stan.kz