Алматы зообағында бүлдіршін леопардпен ойнап тұр

Желіде жарияланған видеода кішкентай бала леопард қамалған тордың жанында жыртқыштан еш қорықпай ойнап тұр
Қауіпті жыртқыш пен баланың арасында әйнек қабырға ғана бар: леопардқа бұл ойын жаққан болса керек, сәбидің қылығын айна-қатесіз қайталайды.
Камераға түсірілген бұл оқиға адамның жүрегін елжіретеді. Ал бұл сәби үшін қаншалықты қауіпті – ол жағын ешкім білмес.
Бала мен мысық — ажырамас достар: күлкілі видео
Видеоның астындағы жазбада оқиғаның Алматы зообағында болғаны айтылған.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/