Алматы жолдарында 1 қаңтардан бастап жаңа бейнекамералар іске қосылады
«Сергек» видео жазу камералары жол қозғалысы ережелерін бұзушылармен күресте тиімділігін дәлелдеді, деп есептейді полицейлер
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматыда 400 «Сергек» видео жазу камерасы іске қосылады.
Бейнебақылау құрылғылары жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қарсы күресте тиімділігін дәлелдеді, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
98 рет заң бұзған: елордалық жүргізушінің айыппұлы полицияны шошытты
«Кешен жылдамдықты арттыру, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кету, жол белгілерін елемеу, тоқтау ережесін немесе көлік құралдарын тұраққа қою талаптарын бұзу, сондай-ақ қоғамдық көлік жолағында рұқсатсыз жүру секілді жол қозғалысы ережелерін бұзу түрлерін анықтауға мүмкіндік береді», — дейді полиция қызметкерлері.
Полиция жергілікті автокөлік жүргізушілеріне 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі қатаң түрде жазылатынын ескертеді.
Алматы жолдарында тағы не өзгереді
Келесі жылы полицейлер Әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма жолындағы қауіпті қоршауларды ауыстыруды біржолата аяқтамақ. Сонымен қатар, қала билігі автоматты режимге ауысатын ескі бағдаршамдарды жаңартуда. Бұл мегаполис жолдарындағы қозғалысты едәуір жеңілдетеді деп жоспарлануда.
sputniknews.kz