Алматы жаңалықтары: жүргізуші үш адамды әдейі қағып кетті

0
45

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Жүргізуші үш адамды әдейі қағып, оқиға орнынан қашып кетті

АЛМАТЫ, 26 тамыз — Sputnik. Алматы тұрғындары арасындағы кикілжің дүйсенбі күні таңертең болған.

Instagram-дағы kris_p_kz тобында жарияланған кадрларға қарағанда, жанжалдан соң екі жігіт көлікке отырып, біреуі үш қарсыласын әдейі қағып кеткен. Оқиға Гагарин және Дружба көшелерінің қиылысында болыпты.

Ақ көліктегі жүргізуші жігіттерді таптап кете жаздап тоқтаса, қара көлік мінген екінші жүргізуші үш адамды әдейі қағып, артынша оқиға орнынан қашып кеткен, бірақ мемлекеттік нөмірі сол жерде қалып қойыпты.

Полицейлер куәгерлердің жауабы мен бақылау камерасының жазбалары арқасында оқиғаның мән-жайын анықтады.

Алматының полиция департаменті тергеу шараларын жүргізіп жатқандықтан, қақтығыстың неден туындағанын айтқан жоқ.

Тағы оқыңыз: «Төбе шашың тік тұрады»: Алматы полициясы қорқынышты суреттегі балаларды іздеп жатыр

Бұл жайт сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тіркелген: 293-бап – «Бұзақылық», бұл бап бойынша бес жылға дейінгі жаза мерзімі қарастырылған, 345-баптың 2-бөлімі «Көлiк жүргізушісінің жол жүру немесе көлiк жүргізу ережелерін бұзуы», бұған сәйкес 2 жылға дейінгі жаза мерзімі қарастырылған және 347-бап «Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу», бұған сәйкес айыпты екі жылға сотталуы мүмкін.

«Алматының Бостандық ауданының полиция басқармасы, сондай-ақ полиция департаментінің тергеу басқармасы оқиғаны тергеп жатыр. Күдіктілердің кім екені анықталған, оларды ұстап, көліктерін тәркілеу үшін шаралар қабылданып жатыр», – дейді полицейлер.

Полиция атап өткендей, оқиға салдарынан үш адам зардап шекті, олар әртүрлі жарақат алып, қалалық ауруханаға жеткізілген.



sputniknews.kz