Алматы жаңалықтары: жедел жәрдем ірі көлік апатына ұшырады

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

137 0 0

Ауа райы қолайсыздығынан жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан төрт көлік соқтығысып қалған

АЛМАТЫ, 28 желтоқсан — Sputnik. Алматыда жолдың көрінбеуі салдарынан ірі көлік апаты болды, деп хабарлайды оқиға куәгерлері.

Жол апаты Розыбакиев көшесінде болған. Жедел жәрдем жүргізушісі артқа бұрылу үшін бөлу жолағына тоқтаған Audi көлігін көрмей қалыпты. Қатты соққыдан жеңіл көлік қарсы беттік қозғалыс жолағына шығып кетеді.

Жүргізушілері полицияны күтіп тұрғанда, жедел жәрдем көлігіне SsangYong келіп соғылған, ол жол апаты болғанын көрмей қалса керек.

Көлік бір жаққа ығысып, қасынан өтіп бара жатқан Lada-ға соғылады.

  • Жедел жәрдем жаппай көлік апатына себепші болды

    Жедел жәрдем жаппай көлік апатына себепші болды

    ©
    Sputnik /

1 / 3

©
Sputnik /

Жедел жәрдем жаппай көлік апатына себепші болды

Жол апаты салдарынан үш көліктің жүргізушілері мен фельдшер зардап шекті.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Дереккөз: https://sputniknews.kz/