Алматы жаңалықтары: балабақша тәрбиешісі сәбилерді соққыға жықты

0
48

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

35 жастағы балабақша тәрбиешісі балаларға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінген

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Алматының полиция департаменті балабақша тәрбиешісі балаларға зорлық-зомбылық көрсетіп жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Балаларды ұрып-соғу видеосы болжам бойынша №37 балабақшада түсірілген, кеше Instagram желісінде жарияланды. Кадрларда тәрбиеші екі сәбиді төсектен жұлқып тұрғызып, бірнеше рет шапалақпен тартып жібереді де, артынша аяқ киіммен ұрады.

Тағы оқыңыз: Балабақша меңгерушісі балаға ұрысып, жерді сүйгізді – видео

Қазір бұл оқиғаға қатысты Алатау ауданының полициясы тергеу жүргізіп жатыр. Полицияға ата-аналардың бірі кеше түнде арыз беріпті.

«Бұл дерек ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. 35 жастағы балабақша тәрбиешісі қылмыстық жауапқа тартылған», – деп мәлімет берді қалалық полиция департаменті.

Тағы оқыңыз: Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды

Ведомство мәліметінше, жақын арада істің материалы сотқа жіберіледі.



sputniknews.kz