Алматы тұрғыны велосипедпен Меккеге аттанды

0
Алматы тұрғыны велосипедпен Меккеге аттанды


Ол велосипедпен Меккеге жету үшін екі ай уақыт кететінін есептеп қойған.

Қазір Шымкентте жүрген Талғат Жұмабеков бұл жайлы көп уақыттан бері жоспарлап жүрген. Алайда, реті келмеген. Ол велосипедпен Меккеге жету үшін екі ай уақыт кететінін есептеп қойған. Өзімен бірге азық-түлік, фотоаппарат, дәрі-дәрмек, Құран кітабын да алыпты. Жол бойы оқып бармақшы. Бірақ ол өзімен бірге қанша ақша алып шыққанын айтқысы келмеді.

«Қасиетті Меккеге велосипедпен бару мен үшін қуаныш. Велосипедім де мұндай ұзақ жолдарға шыдайды. Бұйырса, Меккеге екі ай жүріп барамын. Ақпан айының аяғына қарай жетемін деп отырмын. Ештеңеден қорықпаймын. Тек бір Аллаға сенемін», — дейді шабандоз кісі.

Алайда, Меккеге виза аштыру мәселесі біраз қиындықтар туғызғанын айтады. Жақын күнде виза да дайын болады екен, деп хабарлайды sn.kz. Ер адам продюсерлік орталықта жұмыс істеген. Хореограф та болыпты. Уақыт өте келе дүниежүзін шарлағысы келетінін түсінген. Екі ұлы да әкелеріне қолдау білдіріпті. Өзінің айтуынша, осы уақытқа дейін ол бірнеше мемлекетті велосипедпен шарлап үлгерген.