Алматы тұрғыны телефон арқылы алаяқпен сөйлесем деп 5 миллион теңгесінен айырылды
Интернет-алаяқтар Қазақстанда қайтадан белсенді бола бастады. Алматы тұрғыны алаяқтың құрбанына айналған. Ол өзінің қатысуынсыз бірден үш банкте жалпы сомасы 5,5 миллион теңгеге несиелер берілгенін айтады. Банк қызметкерлерінің алаяқтыққа қатысы бар ма?
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
“Маған сіздің атыңызға несие рәсімдеу туралы хабарлама келді деп хабарласты. Мен ешқандай несиеге өтініш берген жоқпын деді. Онда бакн қызметкері хабарласып, мәселені реттеп береді деді. Жеке куәлігіңізді дайындап отырыңыз деді. Өзін банк менеджерімін деп таныстырды. Менің қасымда 11 жастағы немерем болған. Соған тұтқаны беруімді өтінді. Немерем олардың айтқаны бойынша, телефонға бағдарлама орнатуды сұрады. Мен банкк баратынымды айтанда, маған бекерге уақытыңызды жоғалтасыз деді”, – дейді жәбірленуші Марина Бостанжиева.
“Шынымен де алдап жатыр деп ешқашан ойламайсыз. Мен 80 000 жалақы аламын. Мен зейнетке дейінгі жастағы адаммын, келесі жылы зейнетке шығамын. Банк қызметкерлері қалайша оны білмейді? Ол жерде қабылдайтын адам бар. Ол менің зейнетақы жарналарыма, менің зейнетақы тарихыма қалай қарайды? Олар қазір барлық мәліметтерді біледі. Мен осы үш банкке бардым. Екі банк бас тартты, оларға рахмет”, – деді жәбірленуші.
Марина алаяқтардың банк қызметкерлерімен келісіп алғанын айтады. Ол полициядан көмек сұрады.
«Егер біз өткен жыл мен биылғы жылды салыстыратын болсақ, онда пандемияның басталуымен алаяқтардың саны артты. Біз осы қаржы институттарымен бірге тергеу жүргізілген қылмыстық істер шеңберінде сол адамдар үшін мәселені шешіп жатырмыз. Байқаусызда алаяқтардың құрбанына айналған, өздері ала алмағандар несиелерді төлеуден босатылады», – деді қалалық полиция бөлімінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Осындай қылмыстардың тұтас сериясынан кейін депутаттар дабыл қағып, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгінді. Айгүл Құспан несие беруден өз еркімен бас тартуды қарастыру қажет деп санайды. Егер норма қабылданған болса, онда олар тыйым салуды өтінген қазақстандықтар үшін несие сұрамалды.
13 маусым — Марина Бостанжиеваның несиелерін төлейтін алғашқы күн. Ол банктер оның жалақы шотын бұғаттады деп қорқады. 5,5 миллион теңге — бұл оның отбасы үшін үлкен ақша.