Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

0

Қытай аумағында болған жер сілкінісін қазақстандықтар да сезді, сейсмологтар 2-3 балдық жерасты дүмпулері туралы хабарлап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Алматы тұрғындары 2-3 балдық жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.

Жерасты дүмпулері 9 мамырда жергілікті уақытпен 21 сағат 36 минутта тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматыдан 291 шақырымда болған.

Тағы оқыңыз: Алматыдағы жер сілкінісі ғимараттарға қалай әсер етеді? – видео

Тереңдігі – 5 шақырым. Магнитудасы – 4,9.

Алматы ТЖД мәліметінше, қалада жағдай тұрақты, тұрғындардан құтқару қызметіне қоңырау келіп түскен жоқ.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз