Алматы тұрғындары митингке шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

Бүгін Алматыда рұқсат етілмеген митинг өтуде. Республика алаңында жиналған адамдардың саны бастапқыда 50-ді құраса, бір сағаттан соң 200-ге жетіпті. Бұл жағдайға байланысты Абай және Байсейітова көшелерінің қиылысында тәртіп сақшыларының құралған қарауыл ұйымдастылыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Holanews.kz порталына сілтеме жасап. 

Алматы тұрғындары митингке шықтыСурет: Holanews.kz сайтынан алынды

Алаңға халық сағат 12 шамасында жинала бастапты. Олар «Ұмытылмас», «1986», «2011», «Авторитаризмнен көктемге» сияқты жазулары бар плакаттар алып шыққан. Шерушілердің қатарында «Oyan, Qazaqstan» қозғалысының белсенділері де бар көрінеді. Митингке шыққан көпшілік 2011 жылы Жаңаөзенде болған қайғылы оқиғаның белгісі ретінде қолдарына қызыл мата байлап алыпты. 

Аталған шеру 1 минут үнсіздікпен басталды. Бұл жағдайға байланысты келген әкімдіктің өкілдері митингтің рұқсат етілмеген екендігін айтып, ескерту жасапты. Жиналған қауымның арасында Әлнұр Ильяшев  пен Фариза Оспан бар екен. 

«30 жыл ішінде өзінің құқығын айтып, оны талап ете бастаған адамдар мен оның жақындарын қорқыта бастайтын жағдай қалыптасты. Біздің мемлекетіміздің болашағы үшін осылай болғаны дұрыс па? Біз Қазақстанның жастары ретінде құқықтық, әлеуметтік, саяси реформаларды қазір шешуді жөн көріп отырмыз. Сол себепті біздің даусымыз бүкіл ел аумағында қатты естілуі шарт», — деді белсенділердің бірі Фариза Оспан. 

Алматы тұрғындары митингке шықты

Сурет: Holanews.kz сайтынан алынды

«Бұл жерде халық жайдан-жай жиналған жоқ. Біз 1986 жылы және Жаңаөзенде болған қайғылы жағдайларды еске алып, сол туралы сөз қозғау үшін жиналдық. Бұның барлығына «Нұр-Отан» кінәлі. Партияның көзін құрту қажет», — деді Маржан Хасенова. 

Шеругеге жиналғандар мемлекеттегі «елбанизмді» жоюды талап етті. Митингке келгендердің кейбірі «Шал, кет» деп те айқайласа, ендігі біреулері Дариға Назарбаеваны көргісі келетіндігін жеткізіпті. Олардың бұл әрекеттерінен кейін прокуратура қызметкерлері келіп, ескерту жасаған. 

Алдағы уақытта ақпарат толықтырылатын болады.

Алматы тұрғындары митингке шықтыСурет: Holanews.kz сайтынан алынды

 

stan.kz