Алматы түбіндегі ұшақ апатынан журналист көз жұмды

0
25

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Журналист Дана Круглова жаңа жылды Нұр-Сұлтанда ата-анасымен бірге қарсы алу үшін таңғы рейске отырған

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Алматы маңындағы ұшақ апатынан Informburo ақпарат агенттінің журналисі, шығарушы редактор Дана Круглова қаза тапты. Бұл ақпаратты әріптестері растады. 

Дана Круглова жаңа жылды Нұр-Сұлтанда ата-анасымен бірге қарсы алу үшін таңғы рейске отырған.

«Дана Круглова нағыз журналист болды. Оның мақалалары резонанс туғызатын және барлық редакцияға үлгі еді. Жылдың басында Дана шығарушы редактор қызметіне тағайындалды. Ал 1 желтоқсанда журналистік зерттеу бөлімін басқаруға кірісті. Дана адал, батыл әрі әділ адам еді. Біз үшін бұл үлкен қайғы», – дейді Informburo.kz бас редакторы Михаил Дорофеев.

Дана Круглова 1984 жылы 8 сәуірде дүниеге келген. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Informburo.kz-дағы жұмысын 2016 жылы репортер қызметінен бастады.

Ұшақ апаты

Бүгін таңғы сағат 07:22-де болды. «Бэк Эйр» әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы бетон қоршауды бұзып өтіп, Қызылту кентіндегі екі қабатты құрылысқа соғылған.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, апат 15 адамның өмірін қиды. Медицина мекемелеріне 66 адам жеткізілді. 6 адамның жағдайы ауыр. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған.


©
Sputnik / Тимур Батыршин

Жолаушылар ұшағы құлаған жер

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мен басқа да мемлекеттік орган өкілдері кірді. 

Бұған қоса, Fokker 100 ұшақтарын пайдалануға уақытша тыйым салынды.

Жедел қызмет штабы құрылып, шұғыл желі жұмыс істеп тұр: 8 (7172) 53-32-84, Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті – 8 (7282) 22-02-13, 22-02-18, Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД – 8 (7172) 24-52-12, 24- 51-71, 24- 51- 47.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтты.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз