Алматы түбіндегі апат: бортсеріктерден де жауап алынуда

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Ішкі істер министрі Тұрғымбаев тергеудің алдын ала қорытындысы он күннен кейін белгілі болатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Алматы маңында құлаған «Бек Эйр» ұшағының бортсеріктерінен жауап алып жатыр. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Бір бортсерік жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған екі бортсерік ұшақтың артқы жағында болған. Қазір олардан жауап алынуда. Тергеудің мән-жайын әзірге жария ете алмаймын», — деді министр үкімет кулуарында. 

Тұрғымбаев тергеудің алдын ала қорытындысы он күннен кейін белгілі болатынын атап өтті. Қазір бес-алты сараптама тағайындалған.

Айта кетсек, ұшақ апаты 27 желтоқсан таңғы сағат жетіде болды. Bek Air әуе компаниясының «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытындағы Fokker 100 ұшағы Алматы маңына құлады.

Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Апат 12 адамның өмірін қиды, қаза болғандардың ішінде ұшақ командирі бар. Екінші ұшқыш ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

Қазір 46 пациент ауруханада, оның тоғызы – бала. Денсаулық сақтау минстрлігі балалардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты. Тоғыз адамның жағдайы әлі ауыр.

Тағы оқыңыз: Bek Air қара жәшігі Мәскеуге жөнелтілді: қорытынды қашан шығатыны айтылды

Президент тапсырмасымен премьер-министр жетекшілік ететін комиссия құрылды. Тоқаев апаттың себебін анықтап, кінәлілерді қатаң жазалауды тапсырды. 28 желтоқсан елімізде жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.



sputniknews.kz