Алматы түбінде жолаушылар ұшағы құлады

0

Бүгін Алматы маңында «Бэк эйр» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады, ішінде 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған

Соңғы мәліметтер бойынша Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың саны 14 адамға жетті.

Бүгін таңғы жетіде «Бэк Эйр» әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы апатқа ұшырады. Ол «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағыты бойынша ұшып шыққан. Әуе кемесі екі қабатты ғимаратқа құлады. 

Президенттің тапсырмасымен премьер-министр басқаратын комиссия құрылды. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Комиссия оқиға орнына ұшып кетті.

Тағы оқыңыз: Ұшақ апатынан қаза болғандардың аты-жөні жарияланды

Қазір оқиға орнында құтқарушылар, медициналық қызметтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жедел байланыс телефондары іске қосылды.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты және апатқа кінәлі тұлғалардың бәрі қатаң жазаланатынын жеткізді.



sputniknews.kz