Алматы түбінде әкесінің көлігін айдап әкеткен бозбала сүйіктісімен апатқа ұшырады
Қысқа сілтеме алу
Жол апаты салдарынан қыз бен жігіт қана зардап шекті
АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. 18 жасқа енді ғана толған бозбала қызымен бірге джип көлігінде келе жатып, рөлге ие бола алмай, балалар лагерінің дуалына соғылды.
Жол апаты кешкі бес кезінде болған.
Куәгерлердің айтуынша, жол талғамайтын көлік қалаға қарай кетіп бара жатыпты.
Джип жүргізушісі кенет рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып, жыраға түсіп кетеді де, газ құбырының тағанын қағып, балалар лагерінің бетон дуалына бір-ақ соғылады.
©
Sputnik / Стрингер.
Бозбала әкесінің кілтін білдіртпей алып, көлікті айдап әкеткен
Оқиға орнына келген полиция көліктің жас жігітке тиесілі емес екенін анықтаған. Барлық құжат әкесінің атына ресімделіпті.
Кілтті білдіртпей алып кеткен бозбала қызын көлікпен қыдыруға шақырады.
Қазір жүргізуші мен бойжеткен Алматы ауруханаларының бірінде жатыр. Олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
sputniknews.kz