Алматы тауларында өрт шықты

0
2656

Алматы тауларында тікұшақтар көмегімен өрт сөндіріліп жатыр, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

25 шілдеде сағат 20:00-де Медеу ауданындағы Қимасар шатқалында тау беткейінде құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 100 қызметкерінен тұратын жасақ, 14 техника, сондай-ақ аттестациялық патруль мен Іле-Алатау ұлттық паркінің инспекторлары барған. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі мен 109-құтқару қызметінің «Қазавиаспа» екі Ми-8 АМТ тікұшағы да тартылған.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, еңіс тік болуы және қараңғы болуына байланысты өрт сөндіру техникасы мен авиацияны пайдалану мүмкіндігі болмаған. Сондықтан, өрт ошағына өртсөндірушер жаяу барған.

ТЖД тұрғындардан тауда ашық отты пайдаланудан, от жағудан және темекі шегуден бас тартуды сұрайды.

«ҚР ӘҚБтК-нің 367-бабы 3-бөлігіне сәйкес, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу жеке тұлғаларға айыппұл салу (100 АЕК – 300 мың теңгеден) түріндегі әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салмыз», — деді департаменттегілер.