Алматы — Талдықорған тас жолында жас спортшылар отырған автобус өртеніп кетті (видео)

0
Жол-көлік оқиғасы Көксу ауданы Айнабұлақ ауылының маңында Талдықорғаннан 50 шақырым жерде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Куәгерлердің айтуынша, жас футболшылар отырған автобус сиырмен соқтығысқан. Салдарынан көлік өртеніп кеткен. Абырой болғанда жолаушылардың барлығы көліктен шығып үлгерген.

Апатқа себеп болған малдың иесі кім екені әзірге белгісіз. Сонымен қатар жас спортшыларды тәртіп сақшылары неліктен бірге алып жүрмеді деген де сұрақ туындайды.

Оқиғаның жай-жапсарына байланысты полиция департаментінің баспасөз қызметі әзірге түсінік берген жоқ.