Алматы соты Жомарт Ертаевты қамауға алды – Қазақстан жаңалықтары

0
53

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Жомарт Ертаевтың қамауға алынуын негізді деп тапты, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматы соты Жомарт Ертаевты қамауға алды

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен 2018 жылы 7 наурызда Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының Жомарт Ертаевқа қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі санкцияланған шешімін негізді деп мойындалды», – дейді соттағылар.

Ертаев 2019 жылдың 15 наурызынан 2019  жылдың 15 мамыр айына дейін қамауда болады.

Еске сала кетсек, 14 наурызда Ресей Федерациясының Жоғарғы соты банкирдің қорғаушысының шағымын қайтарып, экстрадициялау туралы шешімді күшінде қалдырды. Артынша Ертаев Қазақстанға жеткізілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz